RU
Семей әуежайын "Абай жолы" деп атау ұсынылды
Жаңалықтар Қоғам

Семей әуежайын "Абай жолы" деп атау ұсынылды

Рассказать Вконтакте

Семей әуежайын "Абай жолы" деп атау ұсынылды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы Мерей Қарт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Baq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: baq.kz

Фото: baq.kz
Source: Facebook

"Тәуелсіздік алғаннан бері әр түрлі мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, халықтық маңызы бар орындар қазақшаланып, кеңестік кезеңнің құрсауынан шығып келеді. Түп тамырымызды тереңге тартқан соң, жапырағымыз да ұлттық болмыста жайқалуы керек", -деп жазады Мерей Қарт.

Ақын әуежай мәселесі әлі де шешілмей тұрғанын айтты.

"Ендігі кезекте әуежолы. Әуежолының әбігері әлі басылмай тұр. Астана, Алматы қалаларына тұрғындар осы уақытқа дейін Өскемен арқылы ұшып жүр. Себебі күрделі жөндеу жасалып жатқалы қашан?! Бірақ, көмбіс, төзімшіл халық оған да үйреніп қалды. Жақында іске қосылады деген қуанышты хабарды құлағымыз шалған еді.
Сол орайда 40 жылдан кейін жөндеу көріп, жөнге келіп жатқан әуежайды «Абай жолы» деп атасақ деймін. Семей қаласы географиялық жағынан да өте тиімді жерде тұр. Ендігі уақытта халықаралық әуежайға айналып, халықтың игілігіне жұмыс жасайды деп сенемін. Сондықтан күре жолда тұрған, Қарауыл, Жидебай бағытында орналасқан әуежайды "Абай" атындағы xалықаралық әуежай десек, жарасымды естіледі емес пе?! Халық та қолдайды деп зор сенім білдіремін" - дейді Мерей Қарт

Ол өзінің ұсынысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен қолдауын сұраған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel