RU
Алматыда ШҚО азаматтарынан құралған қылмыстық топ ұсталды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ШҚО азаматтарынан құралған қылмыстық топ ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_almaty парақшасы ШҚО-дан келген төрт қарақшының Алматы қаласындағы айналмалы жолда ұсталған видеосын жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kris_p_almaty

Фото: kris_p_almaty
Source: Facebook

Аталған видеоға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті де ақпарат берді.

"Арнайы операцияны Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы бөлімше жауынгерлерімен бірлесіп өткізді.

Алматы қаласы бойынша пәтер ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Соңғы ұрлық ұсталғанға дейін бірнеше минут бұрын "Жұлдыз" шағын ауданында жасалған.

Полиция қызметкерлері ұрылардың автокөлігін қоршауға алды. Онда соңғы қылмыстың айғақты заттары болған. Топтағы азаматтар - ШҚО тұрғындары; 1989, 1990, 1991 және 1993 жылы туған.

Бірінші сағатта олардың Бостандық ауданындағы пәтер ұрлығына, Алмалы ауданындағы екі ұрлыққа қатысы бар екені, соңғы ұрлықтарын Түркісіб ауданында жасағаны анықталды", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
3
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel