RU

Олимпиадада танылған Шынәлиев 10 жылда адам танымастай өзгеріп кетті

2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында бокстан қола жүлдегер атанған Еркебұлан Шыналиевті көпшілік танымай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: olympickz, kazfootball.
фото: olympickz, kazfootball: Facebook

Көптен бері көрінбей жүрген боксшымыз "Ұлттық спорттық жүлде-2018" марапаттау рәсімінде бой көрсеткен.

Аталған іс-шараны Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Астана қаласында ұйымдастырған болатын.

Еске сала кетсек, Еркебұлан Шыналиев Түркістан облысының тумасы.

Ол - 2007 жылы Чикагода өткен әлем чемпионаты мен 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767294-olimpiadada-tanylgan-synliev-10-zylda-adam-tanymastaj-zgerip-ketti.html