RU
Қызылорданың шет аумақтары қала орталығымен тең дамып келеді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қызылорданың шет аумақтары қала орталығымен тең дамып келеді (фото)

Рассказать Вконтакте

«NUR.KZ» порталында «Как живут люди "в забытых" районах Кызылорды» тақырыбымен жарияланған мақалаға сәйкес, төмендегі ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

Қызылорданың шет аумақтары қала орталығымен тең дамып келеді (фото)

Мақалада көрсетілген тұрғын үйлер 1969-1972 жылдар аралығында пайдалануға берілген. Осы күні барлық үй жекешеленген.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 50 бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұрғын үйлер кондоминиум объектісінің ортақ меншіктегі мүлкі болып саналады. Сол себепті аталмыш үйлердің жай-күйі мен күтіп ұстау мәселесі тұрғындардың жеке және ортақ жауапкершілігі болып табылады.

Дегенмен, қала әкімдігі тарапынан бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында тұрғындармен бірнеше рет кездесулер ұйымдастырылып,

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ұсынылған. Алайда, тұрғындар тарапынан үйлерін қайта жаңғыртудан өткізуге ешқандай өтініш түспеген және қайтарымды қаражат негізінде төлем қабілеттерінің жетпейтінін айтып күрделі жөндеуден бас тартқан.

Бүгінде бұл көпқабатты үйлерді күтіп ұстау және үйлердің айналасындағы санитарлық тазалық жұмыстарымен "Нұр" Пәтер иелері кооперативі (КСК) айналысады.
Қызылорданың шет аумақтары қала орталығымен тең дамып келеді (фото)

Бүгінгі таңда мақалада жарияланған Тайманов, Батырбаев, Хон Бен До көшесі (тұрғындар саны шамамен 1500 адам) тұрғындарының «Қызылорда тазалығы» мекемесіне көрсетілген қызмет бойынша қарыз көлемі 3 млн. теңгені құрайды.

Соған қарамастан, «Қызылорда тазалығы» мекемесі тұрмыстық қатты қалдықтарды тазарту жұмыстарын күнделікті кестеге сәйкес жүргізіп отыр.

Дегенмен, «Қызылорда тазалығы» мекемесі тарапынан тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленген орындарға тастау және үйдің айналасын талапқа сай ұстау үшін санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу туралы түсіндірмелерге қарамастан, тұрғындар тарапынан ешқандай әрекет жоқ.

Қызылжарма ауылдық округінде орналасқан 5 қабатты жатақхана ғимаратының жағдайы да осындай.

Қызылорданың шет аумақтары қала орталығымен тең дамып келеді (фото)

Үйді «апатты» жағдайда деп тану үшін тұрғындар өз есептерінен аккредиттеуден өткен сарапшылардың арнайы қорытындысын алуы қажет болса, тұрғындар тарапынан арнайы мекемелерден мұндай қорытынды алынбаған.

Бұл жатақхана тұрғындарына «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін түсіндірме жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.

Бірақ, бұл жерде орналасқан 88 пәтердің тек 51-де пәтер иелері екендігін растайтын құжаттары бар, қалған 37 пәтердің құжаттары мүлде болмауы салдарынан, бұл жұмыстарды бастауға айтарлықтай кедергі тудыруда.

Жергілікті әкімдік тарапынан жөндеу жұмыстарына қажетті «жобалық-сметалық құжаттарын» әзірлеу үшін арнайы жобалаушы мекеме мамандарымен бірлесіп тиісті жұмыстарды атқару мүмкін болмай отыр.

Себебі, кейбір пәтер иелері есіктерін ашудан бас тартады немесе басым бөлігі пәтер жалдап отырған тұрғындар.
Қызылорданың шет аумақтары қала орталығымен тең дамып келеді (фото)

Сонымен қатар, жыл сайын тұрақты түрде көктем және күз айларында ұйымдастырылатын екі айлық сенбілік жұмыстарына бұл үйлердің тұрғындары мүлдем атсалыспайды.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңарту және шет аймақтарды абаттандыру, инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда, жол сапасын жақсарту бағытында кешенді шаралар қабылданып келеді.

Мысалы, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2011- 2018 жылдар аралығында Қызылорда қаласында 132 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2019-2020 жылдары 12 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, соңғы 5 жылдың өзінде қаланың шет аймақтарында орналасқан «апатты үйлердің» мәселесі оңтайлы шешімін тапты.
Қызылорданың шет аумақтары қала орталығымен тең дамып келеді (фото)

Яғни, 2013-2018 жылдары аралығында қаламыздағы апатты жағдайдағы баспана тұрғындары ретінде кезекте тұрған 671 отбасы түгел жаңа пәтерлермен қамтылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel