RU
Оралда оқушылардың ұялы телефондарын тартып алумен айналысқан бұзақы жазаланды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда оқушылардың ұялы телефондарын тартып алумен айналысқан бұзақы жазаланды

Рассказать Вконтакте

Орал қаласының арнайы соты оқушылардың ұялы телефондарын тартып алумен айналысқан 23 жастағы Кирилл Баныкинды екі айға түрмеге қамады. Бұл туралы Уральская неделя сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

uralskweek.kz

Фото:uralskweek.kz
Source: Twitter

Орал қаласының арнайы соты Баныкин Кириллдің қылмыстық кодекстің 115 бабы (Қорқыту), 190 бабы (Алаяқтық) және 191 бабы (Тонау) бойынша екі айға бас бостандығынан айырды.

Баныкин бұрын да сотталып, шартты түрде босатылған екен. Тоғыз оқушының ата-анасы оның балаларына қоқан-лоққы көрсетіп жүргеніне арызданған.

Оқушылар ата-аналарына болған жағдайды айтуға қорқыпты, себебі балалардың телефондарын тартып алған кезде бұзақы: "Милицияға арыздансаңдар,. өкінесіңдер", - деп айтып отырған.

"Ұлымның екі телефонын тартып алды. Ұлым маған "телефонымды жөндеуге бердім" деп өтірік айтты. Өзімнің телефонымды бергенімде, оны "досымның үйінде қалдырып кеттім" деп тағы алдады. Шындықты естіген кезде бірден полицияға бардым", - деді жәбірленген оқушының анасы Наталья.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel