RU
"Салықтан босатады": Назарбаева кеденшілердің былығын әшкереледі
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Салықтан босатады": Назарбаева кеденшілердің былығын әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Дариға Назарбаева кеденшілердің былықтарын ашып берді. Сенатордың мәліметінше, кеденшілер импорттық тауардың көлемін жасырып, кәсіпкерлерді салықтан босатады екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

bnews.kz

Фото:bnews.kz

Сенатордың айтуынша, Қытайдан келетін тауар көлемі жасырынып қалады екен. Бұл тауарлардың басым бөлігі бізге "Қорғас" кеден бекетінен кіргізіледі. Алайда кіріп жатқан жүк көлікке тиелген тауардың барлығының баж салығы төленбеген. Кәсіпкерлер кеденшілердің қолына ақша беріп, қиындықсыз қақпадан өтеді.

"Қытаймен тауар айналымында 11 түрлі бұйым бойынша статистикалық көрсеткіштер 50 пайызға төмендеген. Елімізге әкелінетін киім, жиһаз, төсек-орын жабдығы, ойыншық, көкөніс пен жеміс-жидектің 60-90 пайызы контрабандалық жолмен келіп жатыр", - деді Дариға Назарбаева.

Депутат «Transparency Kazakhstan» қоры жүргізген зертттеу қорытындысында кеденшілеріміздің параға, ақша бопсалау мен жемқорлыққа жақын екендігі ашық жазылғанын алға тартты. Импорттық тауардың тек 10-45 пайызына баж салығы салынып, қалғаны кеденшілердің қалтасында кетіп жатыр екен.

"Бұл – бюджетке қып-қызыл шығын", - деді сенатор.

Дариға Назарбаева Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұл мәселеден хабары бар-жоғын үкіметтен сұрады. Кеденге жауапты министрлік бұл сауалға жауап әлі қайтармаған.

Сонымен қатар, Дариға Назарбаева Қытайдан әкелінетін тауарды көлікке тийеу және түсіру  жұмыстарын Қазақстан аумағында жүргізуді ұсынды. Осылайша, шекара маңындағы елді мекен тұрғындарына да жұмыс орындары ашылады.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel