RU
Петропавл қаласында бес қабатты мейрамхана кешені өртеніп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Петропавл қаласында бес қабатты мейрамхана кешені өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Петропавл қаласының "Еуразиялық" орталық базарының аумағында орналасқан бес қабатты «Beer Grad» мейрамханасы отқа оранды. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ. хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Source: Facebook

Өрт туралы ақпарат кешкі 17,27 түскен.

Мейрамхана кешенінің төбесі өртеніпті. Өрт 170 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 32 адам эвакуацияланған. Оның 11 адамы мейрамхана қызметкерлері.

Өрт сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері және 15 арнайы техникасы қатысқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel