RU
Өзін соққыға жығып, күйеуін айыптаған әйел ұятқа қалды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өзін соққыға жығып, күйеуін айыптаған әйел ұятқа қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Австралия тұрғыны Фейсал Хан Марокка тумасы Асмаға үйленген. Сегіз айдан кейін ол күйеуін өзін соққыға жықты деп айыптаған. Кінәсіз екенін дәлелдеу үшін ер адам 20 мың доллар жұмсаған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

petrozavodsk.bezformata.com

Көрнекі фото:petrozavodsk.bezformata.com

Сидней тұрғыны Фейсал Хан болашақ әйелімен танысу сайтында кездестірген. Әйелін Мароккадан көшіріп әкеліп, ер адам онымен бірге сегіз ай бойы бақытты өмір сүрген.

Бірақ сәуір айында үйге келген ер адам пәтерінің астан-кестені шыққанын көрген. Әйелі енді заңгерлермен сөйлесуіңе тура келеді деп үйден кетіп қалған.

Фото:9Now

Фото:9Now

Бірнеше сағаттан кейін Фейсалдың үйіне полицейлер келіп, оның әйелін соққыға жыққандығын хабарлаған. Ер адам сот шығындарына 20 мың доллар жұмсаған.

Бір күні Фейсал лифтіде орналасқан бейне бақылау камерасын тексеріп отырып, Асманың өзін соғып жатқан видеоны тауып алған. Видеода әйелі өзін бетінен ұрған. Бұл видео Фейсалды құтқарып қалды.

Енді ер адам Автсралия үкіметін Асманы Мароккоға жіберуді талап етіп отыр. Ер адам Асманың оған Австралиялық виза алу үшін үйленгеніне сенімді. Алайда оның жұбайы қазіргі кезде жасырынып жүр екен.

Сіздің реакцияңыз
1
8
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel