Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы және төрт әпкесімен ән салған Жазира Байырбекова елді тәнті етті

Опубликовано:

Анасы мен туған әпкелеріне қосыла ән шырқаған Жазира Байырбекова елді сүйсінтті. Әнші отбасылық видеоны Instagram парақшасына жүктеген деп жазады NUR.KZ.

Жазира Байырбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Жазира Байырбекова. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Естелікке суретке түсіп жатыр едік, анам ән айтқысы келіп кетті. Анам біздің үйге келгенде, бес қызы жиналып қалды. Екі кенже қызы келе алмады", - деді Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, бұл видеоға желі қолданушылары жағымды пікір қалдырып, тіпті әншіге қызығып отырғандарын жасырмады.

"Алла анаңызға немере-шөберенің қызығын көруді жазсын", "Бір-бірінен өткен сұлу екенсіздер", "Анаңыз қандай бақытты жан", "Қандай керемет көрініс".

"Анаңыз жап-жас қой. Жеті қыз, екі ұл туған адамға ұқсамайды", "Бауырларыңыз, анаңыз жаныңызда. Мұнан артық қандай бақыт керек" деп жарыса пікір қалдырды.

Айта кетейік, Жазира мен Жанболаттың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1767333-anasy-zne-trt-pkesimen-n-salgan-zazira-bajyrbekova-eldi-tnti-etti/

pixel