RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, аяз болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, аяз болады

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 7 желтоқсан күні антициклонның ықпалына байланысты еліміздің бірқатар аймағында аязды, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек республиканың батыс бөлігіндегі аудандарда жауын-шашын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстікте, шығыста және орталықта жел сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, аяз болады

Көренкі фото: Elana.kz
Source: Facebook

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Жамбыл, Қарағанды облыстарында да тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының жекелеген аудандарында желдің екпіні 25 м/с жетеді. Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей бөліктерінде тұман күтіледі, жекелеген ауданында жел 15-20 м/с дейін соғады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel