RU
Павлодар облысында төрт бірдей мешітті жауып тастады
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облысында төрт бірдей мешітті жауып тастады

Рассказать Вконтакте

Мүфтият Павлодар облысы Аққулы ауданына қарасты Қазы, Малыбай, Шақа және Қызылқоғам ауылдарындағы мешіттердің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ввввв

Көрнекі фото: sn.kz
Source: Instagram

Аталған ауданнан бөлек, Ақтоғай ауданындағы Айтым, Шолақсор, Тереңкөл ауданындағы Жасқайрат және Шарбақты ауданындағы Малиновка ауылдарындағы ғибадатханалардың жұмысы тоқтатылмақ.

Бұл туралы облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Дәулет Зәкәриянов мәлімдеді.

"Бұл аталған шалғай ауылдардағы халық санының азаюына байланысты туындаған объективті жағдай. Жабылған мешіттерді заңды тіркеуден шығарып, алдағы уақытта оларды намазхана ретінде тіркеуді жоспарлаудамыз. Дейтұрғанмен, діни орындарды салу бастамалары көптеп түсуде", - деді Дәулет Зәкәриянов.

Басқарма басшысының айтуынша, Ақсу қаласына қарасты Ақсу кенті және Еңбек ауылдық аймағы, Шарбақты ауданына қарасты Арбиген ауылдарында мешіт құрылыстары аяқталуға жақын.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
4
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel