RU
Үйі жоқ азамат қайырымдылық қорына 17 мың доллар жұмсады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үйі жоқ азамат қайырымдылық қорына 17 мың доллар жұмсады

Рассказать Вконтакте

Қала кезіп жүретін Кэвин Бут көшеден 17 мың АҚШ доллары бар сөмке тауып алады. Ол қомақты қаржыны өз қалтасына баспай, жақын маңдағы қайырымдылық қорына өткізген. Бұл туралы News Tribune сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: news.ru

Көрнекі фото: news.ru

Гуманитарлық қоғам қызметкерлері ақшаны полицияға апарып берген.

Алайда қаржы иесі 90 күн ішінде табылмауына байланысты заңға сәйкес ол ақшаны тауып алған адамға қайтарылған.

Осылайша, қомақты сома ұйым жұмысын дамытуға жұмсалыпты.

Ал үй-жайы жоқ азамат өзін қала үшін қажетті әрі пайдалы адам ретінде сезінгені үшін қуанатынын айтқан. Ал қайырымдылық қорының басшылығы азаматқа сүйікті дүкендерінің карталарын сыйлаған.

Сондай-ақ, азаматқа марапат қағазы полициядан да беріліпті.

Бұл жаңалықты естіген қала тұрғындары үй-жайы жоқ азаматқа ақша жинауды бастап кеткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel