RU

Люксембург халқы қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

2019 жылдың жаз мезгілінен бастап Люксембургтағы трамвайлар, автобустар мен пойыздар барлық жолаушылар үшін тегін болады. Ал қазіргі уақытта қоғамдық көлікке ақша төлемеу мүмкіндігіне тек 20 жасқа толмаған тұрғындар ие деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото : rus delfi
Көрнекі фото : rus delfi: Facebook

Люксембург - халықты қоғамдық көлікпен тегін қамтамасыз етуді қолға алған алғашқы мемлекет.

The Guardian мәліметінше, мемлекетке жұмыс істеуге келетін Франция, Германия және Бельгия елдері тұрғындарының салдарынан көп кептелістер орын алады.

Жалпы Люксембургта 600 мың адам тұрса, оның 400 мыңы астанаға жұмыс бабымен келетін көрінеді. Ал негізінде астана тұрғындарының саны 110 мың екен.

Люксембургтың премьер-министрі Ксаве Беттель сайлау науқанында қоршаған ортаға көңіл бөлетінін айтқан.

Ал жазда елде 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балалар қоғамдық көлікте тегін жүру, ал қарапайым тұрғындар екі сағат жол жүру үшін екі еуро төлеу мүмкіндігіне ие болған.

Жалпы толық тегін қоғамдық көлік көптеген елдерде бар. Бірақ олардың барлығы тек қала деңгейінде жүзеге асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767343-luksemburg-halky-kogamdyk-klikte-tegin-zretin-boldy.html