RU
Астана әкімінің орынбасары жемқорлыққа қатысты айыптауларға жауап берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астана әкімінің орынбасары жемқорлыққа қатысты айыптауларға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун "Время" газетіне берген сұхбатында алданған үлескерлер жайында, елордадағы үйлердің төбесін неге жел көтеріп кететіні туралы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Liter.kz

Фото: Liter.kz
Source: Instagram

Сонымен, ол "Тамыз Инвест Групп" құрылыс компаниясының директоры Вадим Машуровтан пара алды деген айыптаулармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро айналысып жатқанын айтты. Сондай-ақ, Хорошун Машуров айтқан айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

Одан бөлек, Сергей Хорошунның мойнына тергеу изоляторында отырған құрылысшы Данияр Ахмедьяровтан пара алғаны туралы, блогер әрі белсенді Сырым Әбдірахмановтың 500 мың доллар, 54 млн теңге мен сегіз пәтер есебіндегі пара бергені туралы айыптаулар ілінген.

Бұл арыздардың негізінде әкімнің орынбасары полиция учаскесіне өзі барып, қылмыстық істі қозғауды өтініпті.

Шенеунік өз қызметінде мұндай айыптаулардың аз болмағанын, алайда оларды растайтын құжаттар болса, пікір таластырғанша бірден құқық қорғау органдарына бару қажеттігін айтты.

"Менің қандай жақсы адам екенімді айтып отырудың еш мәні жоқ", - деді Хорошун.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары алданған үлескерлер туралы сөз етті. Ол пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің 25 пайызы мен Қазақстанның көппәтерлі қорының 40 пайызы елордаға тиесілі екенін жеткізді.

"2007-2009 жылдарға тиесілі үлестік құрылыстың бірінші толқыны кезінде 243 нысан құрылысы аяқталмаған болып шықты. Нәтижесінде 45 мың отбасы немесе 130 мың адам алаяқ компаниялардың кепілгері болып қалды", - дейді Сергей Хорошун.

Нәтижесінде бюджет қаржысының көмегімен құрылысы бітпеген ғимараттардың біреуінен басқасының құрылысы аяқталған. Осы тұста, әкім орынбасары үлестік құрылыстың негізгі мәселесі заңнаманың жетілмегені екенін атап өтті.

Ол 2014-2016 жылдары заң бойынша басқа келісімдер жасалғандықтан үлестік құрылыста бірде-бір шарт жасалмағанын айтты.

Хорошун мұның тағы бір себебі шағын және орта кәсіпті тексеруге мараторий жарияланғаны екенін де айтқан. Осы мәселеге қатысты ол құрылыс салушылардың ақшаларын құмар ойындар мен ішімдікке жұмсап жібергендерін де тілге тиек етті.

"Үлескерлерге алғашқы арыздар 2015 жылы түсе бастады. Біз сол жылдан бастап оларды Бас прокуратураға тіркедік. Ал ол уақытта жүздеген ғимаратта мәселе туындаған болатын",- деді әкім орынбасары.

2018 жылдың басында құрылысы аяқталмаған 62 ғимарат болса, қазір олардың саны 29. Енді құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін "Елорда құрылыс компаниясы" уәкілетті компаниясына қайтарымды негізде 40 млрд теңге бөлінеді. Одан бөлек, тағы да 23 ғимаратты инвесторлар салып бітірмек.

Бүгінде аталған оқиғалар қайталанбас үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін "Тұрғын үй қатынастары" туралы заңына өзгертулер енгізілген.

Әкім орынбасары енді әлеуетті үлескерлерге сақ болуды ескертеді. Өйткені көпшілік құрылыс салушы алаяқ компаниялармен шаршы метріне төленетін төменгі баға және құрылысты қалыпты аяқтау үшін ресурстары жоқ құрылыс салушыларға учаскелер беру мүмкіндігі үшін байланысады.

Сондай-ақ, Хорошун "Batagay Indoor city" ЖШС-ның саяжай учаскелерінің иелеріне 2009 жылдан бері күтіп жүрген өтемақыларын 2020 жылдан кейін төлеуге уәде бергенін айтты.

Алайда қала әкімі орынбасарының сөзінше, меншік иелерінің 30 пайызы өтемақы сомасымен келіспегендіктен саяжайлардың кейбірі бұзылмаған.

Оның айтуынша, егер құрылыс салушы компаниялар үйді бұзып, өтемақы төлемесе, меншік иелері құқық қорғау органдарына барып, қылмыстық іс қозғауды өтінуге болады.

Ал Астанадағы пәтерлердің қаптамалары туралы айтқан Хорошун елордалық біршама пәтер иелерінің кооперативі 10-20 жыл уақыт бойы жөндеу жұмыстарын жүргізбегенін, соның нәтижесінде шатырлар желден ұшып жатқанын айтты.

Соңғы жүргізілген тексеріс бойынша шатыр мәселесі 108 үйде бар екені анықталыпты. Олардың ішінде 11 нысан құрылыс салушылардың тұтқындалуы және банкротқа ұшырауы салдарынан өз мәселелерін шеше алмаса, 97 үйдің құрылыс салушылары бұл жағдайды қалыпқа келтіреміз деп отыр.

Одан бөлек, қала әкімінің орынбасары мемлекет басшысының Астана құрылысын тығыздауға байланысты берген тапсырмасына сәйкес инженерлік және көлік инфрақұрылымы жоспары құрылғанын мәлім етті.

Хорошунның сөзінше, жақын арада Мыңжылдық аллеясы, Тәуелсіздік сарайынан жаңа темір жол вокзалына дейінгі аймақ, Мәңгілік ел бойынша Сол жағалау ауданы, "Хан Шатыр" артындағы Тұран даңғылы және басқа да құрылыс жұмыстары жүреді.

Сонымен қатар, әкім орынбасары 2020 жылдың ортасына қарай метроның құрылысын аяқтау мен шыны күмбезі бар сулы-жасыл бульварға қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетінін, сондай-ақ, "Алтын Адам" ХҚК пайда болатынын айтты.

Материалдарды көшіріп басу мен пайдалану тек "Издательство "Время" ЖШС рұқсатымен жүзеге асады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel