RU

Атырау облысында тергеу изоляторының бастығы пара алды деген күдікке ілінді

Атырау облысында тергеу изоляторының бастығы 678 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол сотталушыны басқа мекемеге ауыстырмау және туысқандарымен еш кедергісіз жүздесуді ұйымдастырған. Қазір әділет қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Көрнекі сурет. Фото: Zakon.kz
Көрнекі сурет. Фото: Zakon.kz: Instagram

Тергеу изоляторының бастығы сотталушылардан ақша алып, оларға ыңғайлы жағдай жасап берген көрінеді.

“Ол сотталған адамнан өзге мекемеге тасымалдамау, кедергісіз тамақты кіргізу және туысқандарымен жүздесуді ұсыну үшін жалпы соммасы 678 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде”, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767360-atyrau-oblysynda-tergeu-izolatoryny-bastygy-para-aldy-degen-kdikke-ilindi.html