RU
Араб әліпбиін теледидардан үйренген үш жасар бала көпті таңғалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Араб әліпбиін теледидардан үйренген үш жасар бала көпті таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Үш жасар бала "Құран оқып үйренейік" бағдарламасы арқылы араб әліпбиін үйренген. Бұл туралы "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Бейбарыс есімді кішкентай бүлдіршін араб әріптерін кідірместен оқиды екен. Жүргізушінің "араб әліпбиін қайдан үйренді?" деген сұрағына анасы ұлының өз бетімен үйренгенін айтты.

"Үш жасынан бастап "Асыл арнаны" қосып көрдік. Сондағы "Құран оқып үйренейік" деген бағдарламаны көріп жүріп, ішіндегі әріптерді өзі жазып алып, үйренді", - деді Бейбарыстың анасы.

Жиналған жұрт баланың ерекше дарынына таңғалды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel