RU
Ресейде экс-шенеуніктің немересі белгісіз жағдайда қайтыс болды
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде экс-шенеуніктің немересі белгісіз жағдайда қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ресейде 17 жастағы жеткіншектің денесі көпқабатты үйдің алдынан табылды. Ол шамадан тыс қобалжудан зардап шеккен деп хабарлайды Starhit-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: спокойно.ру

Фото: спокойно.ру

Қайтыс болған бозбала - Ресей Федерациясы Кеңесі бұрынғы мүшесінің немересі. Ол атасымен және анасымен бірге тұрған.

Оған мұғалімдер үйге келіп сабақ берген, себебі 5-6 жылдай бас ауруынан зардап шегіпті.

Белгілі болғандай, сол күні ол орыс тілінен қорытынды шығарма жазу керек болған.

Баланың анасы мұғалімдерден қорытынды шығарманы жазуды басқа күнге ауыстыруын сұрапты. Бірақ ұстаздары оған келіспеген.

Бұл жағдай жеткіншектің қобалжуына әкеп соғыпты, ол пәтерден шығып баспалдақпен төмен қарай жүгірген. Бірер сәттен соң оның қайтыс болғаны анықталады.

Куәгердің айтуы бойынша, оның атасы қайтыс болған немересін көріп телефон арқылы ешкімге хабарласпаған екен.

Көршісінің айтуы бойынша, 17 жастағы жеткіншек үйден көп шықпаған көрінеді.

Қазір орталық Тергеу комитеті жеткіншектің өлімі туралы толықтай тексеру жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel