RU
"Павлодар аруы-2018" атағын он тоғыз жастағы студент қыз жеңіп алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Павлодар аруы-2018" атағын он тоғыз жастағы студент қыз жеңіп алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда "Павлодар аруы-2018" сұлулық байқауының ақтық сыны өтті. Конкурс нәтижесі бойынша 19 жастағы Мадина Батық есімді студент қыз жеңіске жетті. Ал шарадан жиналған қаржы қайырымдылық қорына жұмсалады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Байқаудың финалдық кезеңіне тек тоғыз бойжеткен ғана өткен. Финалистер шығармашылық сайыста да бақ сынап, сән кезеңінде де өнер көрсетті.

Ал жеңімпаз ару туралы айтар болсақ, ол Павлодар мемлекеттік университетінде химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінде "Туризм" мамандығында оқиды.

Жастайынан өнерге жақын болған Мадина Батық 14 жасында Балғабыл Жалқыбаев атындағы өнер мектебінде хореографиялық білім алған.

Сауалнамада Мадина бірнеше рет қалалық және облыстық деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысқанын көрсеткен.

Сондай-ақ, ол шет тілдерін оқу мен суретке түсіруді ұнататынын айтыпты. Енді ол Павлодарды республикалық сұлулық байқауында таныстыратын болады.

Айта кету керек, 19 жастағы Айнагүл Аянова "бірінші вице-ару" атағына ие болды.

Байқауда жиналған ақша Павлодарское ауылындағы өрттен зардап шеккен, тұрмысы төмен отбасыға берілетін болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel