RU
Павлодар облысында әйелінің көлігін айдаған мас полицей апатқа ұшырады
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облысында әйелінің көлігін айдаған мас полицей апатқа ұшырады

Рассказать Вконтакте

Аудандық соттың мәліметінше, Железинский АІІБ жедел уәкілетті маманынына қатысты әкімшілік іс қаралған. 35 жастағы ер адам мас күйінде көлік тізгіндеп, жол апатына ұшырапты. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабаралйды.

freshnews.zt.ua

Көрнекі фото:freshnews.zt.ua
Source: Facebook

Жол апаты 28 қазан күні Железинка ауылында болған.

Полиция қызметкері мас күйінде әйелінің көлігін жүргізіпті. Алайда ескі "Мазда" көлігін тізгіндей алмағн ол қарсы беттегі "Фольксваген" көлігімен соқтығысқан.

Сараптама нәтижесі қан құрамында алкоголь анықтағандықтан, мас күйде көлік жүргізу бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сот отырысында ер адамның көлікті әйелінен алғаны және өз атында сақтандыруы болмағаны анықталды.

Сонымен бірге, полицейдің жұбайы жауапқа тартылмағандығы да сөз болды. Мас адамға көлік тізгінін берген әйел жауапкершілікке тартылмапты.

"Сот пікірінше, полиция қызметкерлері өз міндеттеріне немғұрайлы қараған. Бұл олардың қылмыстық кодекстің "Әкімшілік заң бұзушылық" ережелері мен талаптарын дұрыс білмейтіндіктерін көрсетеді.
"Әкімшілік заң бұзушылық хаттамасын толтыру кезінде айтылатын соттың күнделікті ескертулері, сонымен қатар, әкімшілік іс қозғау кезде жіберілетін ереже бұзушылық пен әкімшілік заңнаманың мүлтіксіз орындалуы тиіс талаптар мен бұрын қаралған әкімшілік істерге қатысты тиісті шаралар ескерілмеген", - делінген сот қаулысында.

Жедел уәкілетті қызметкер мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына себепкер болғаны үшін бес жылға жүргізу куәлігінен айырылды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel