RU
Байбек Үлкен Алматы көлінде сырғанаған бойжеткенге қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Байбек Үлкен Алматы көлінде сырғанаған бойжеткенге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Бауыржан Байбек Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанаған қыз жайлы өз пікірін айтты. Қала әкімі судың ол жақтан тазартқышсыз алынбайтынын, алайда бұл әрекеттің дұрыс емес екенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: voronezh.mger2020.ru, pan_ksenia

Фото: voronezh.mger2020.ru, pan_ksenia

"Мен де барлық қазақстандықтар сияқты бұл бейнежазбаны әлеуметтік желіден көрдім. Менің білуімше, полиция әкімшілік құқықбұзушылықты тіркейді.
Бұл, расымен, табиғаты өте керемет жер. Бұл көлден су (ред- ауыз су) алынады. Әрине, бірден емес, тазартқыш арқылы алынады. Бірақ, онда сырғанауға болмайды", - деді әкім.

Сондай-ақ, ол спортшы қыздың өз әрекеті үшін кешірім сұрағанын, алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

"Ол суға түскен жоқ, ол тек қатып қалған мұз. Бірақ мен мұны дұрыс емес деп ойлаймын", - деді Байбек.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Үлкен Алматы көлінде сырғанап жүрген қыздың видеосы қызу талқыға түскен болатын.

Біреулер оның биі мен мәнерлеп сырғанауына тамсанса, ал екіншілері көлдегі су ауыз су болғандықтан бойжеткеннің оны ластап жатқанына ашуланды.

Мәнерлеп сырғанаушы тіпті, Бостандық ауданындағы Ішкі істер басқармасына да шақырылған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Үлкен Алматы көліндегі мұздың қалыңдығы тек 10 сантиметр болғандықтан конькимен сырғанау қауіпті екенін айтқан.

"Алматы электр станциялары" АҚ хабарлағандай, қазіргі уақытта қала тұрғындары Үлкен Алматы көліне көп барып, конькимен сырғанауды, иттерін қыдыртуды әдетке айналдырыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel