RU

"Игра престолов" сериалының соңғы маусымы қашан шығатыны белгілі болды

Қалың көрермен күтіп жүрген "Игра престолов" фантастикалық сериалының соңғы сегізінші маусымын баяндайтын тизер жарияланды. Клип Youtube желісіндегі GameofThrones каналында пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: peopletalk.ru
Фото: peopletalk.ru: Facebook

Бір минуттық роликтен үстелде түрған Вестерос картасын ағаштан жасалған қасқыр бейнелерін, айдаһар мен арыстанды байқауға болады. Сондай-ақ картаның солтүстік жағын мұз жауып, оңтүстік жағында оттың жанып жатқанын көрсетеді.

Клиптің астындағы жазбада аталған сериалдың соңғы маусымы сәуір айында көрермендерге жол тартатындығы жазылған.

Ролик бір күнде екі жарым миллионға жуық қаралым жинаған.

Еске сала кетсек, "Игра престолов" телехикаясы 2011 жылы жарыққа шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767437-igra-prestolov-serialyny-sogy-mausymy-kasan-sygatyny-belgili-boldy.html