RU
Байбек Алматының көк түтіннен неге арыла алмай келе жатқанын түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Байбек Алматының көк түтіннен неге арыла алмай келе жатқанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі "оңтүстік астана неге түтінге оранды?" деген сұрағына тілшінің сұрағына жауап берді. Бауыржан Байбек негізгі үш себепті атады. Оның біреуі өте күрделі, әрі қымбат жоба - ЖЭО-2-нің газға өтуі арқылы шешілмек деп жазады NUR.KZ.

realkz.com

Фото: realkz.com

Түтін жаһандық мәселе екенін алға тартқан шененіу оны шешуге әлемдік тәжірибеге сүйенетіндіктерін мәлімдеді.

Ластанудың бірінші көзі - көліктер, олар түтіннің 70 пайызын шығарады екен. Сондықтан қалада көлік реформасы белсенді жүргізілуде.

Екінші себеп - ЖЭО түтіні, ол түтіннің 11 пайызын құрайды.

Бұл мәселені шешу қиын, әрі қымбатқа түседі, алайда жоба бойынша техникалық-экономикалық дәлелдемелер әзірленіп жатыр екен.

"Президент станцияны газға көшіруді тапсырды. Бұл маңызды жоба, бірақ күрделі, әрі қымбат. ЖЭО-2 Самрұқ-Энергоға тиесілі екен, мекеме алғашқы техникалық-экономикалық дәлелдеме әзірлеп үлгерді", - деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің сөзінше, үкімет бұл қымбат жобаны оңтайландырып, тазалау құрылғыларын ауыстырып, бу-газ турбиналы құрылғылар тұрғызады.

Түтіннің тағы бір себепкері - жекеменшік сектор. Жылдың соңына дейін әкім қаланың барлық аймақтарына газ құбырларын өткізуге уәде берді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel