Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәйітті жерлеуді кешіктірген дұрыс па?

Опубликовано:

Адам қайтыс болғаннан кейін оны барынша жылдам жерлеу керек. Алайда кейде алыстағы туыстар қаралы хабарлы алғаннан кейін жерлеуді біраз кейінге қалдыруға өтініш білдіріп жатады. Осы мәселенің анық-қанығын діни сарапшы Айбек Әбдіқадыр түсіндіріп өтті деп жазады muslim.kz.

Көрнекі фото: durbi.kz
Көрнекі фото: durbi.kz: Depositphotos

Діни сарапшының айтуынша, қайтыс болған адамның денесін жер қойнына ерте тапсыру жақсы көрілген амал.

"Ерте жерлеуге қатысты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): жаназаны ерте шығаруға асығыңдар. Егер қайтыс болған адам салиқалы болса, оған жақсылық жасаған боласыңдар, ал егер салиқалы болмаса, мойындарыңнан жамандықты түсірген боласыңдар. Араларыңда біреу қайтыс болса, оны сақтап қоймаңдар, қабіріне жылдам қауыштырыңдар", - деген екен.

Имам Бәдруддин Айнидің сөзінше, мәйітті жерлеуді жылдамдату мұстахаб амал, бірақ адамның жаны шыққаны нақтылануы тиіс екен. Егер жарақаттанған, сал немесе комадағы адам болса, оны жерлеуге асығыстық жасауға болмайды. Адамның жаны шыққанына көз жеткізу үшін бір күн, бір түн күту керек екен.

Адамның жаны шыққаны нақтыланса, оны жерлеуді кешіктірмеуге, жылдамдату керек екеніне фиқх ғалымдары бірауыздан келіскен.

"Жаны шыққан сәттен бастап жерлеуге асығу – мұстахаб. Егер адам жұма күні азаңда қайтыс болса, жаназасына көп адам қатыссын деп жұма намазына дейін кешіктіру мәкрүһ болып табылады. Егер адамды жерлесек жұмадан кешігеміз деп қорыққан жағдайда жерлеуді кешіктіруге болады",- деп жазылыпты "Маусуъа фиқхия" кітабында.

Хадистер мен ғалымдардың сөздеріне сүйене отырып, қайтыс болған адамды жерлеу қандай да бір себептерге байланысты кішкене уақытқа кешіктірілсе, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ қайтыс болған адам бүлініп, иістеніп кететіндей уақытқа кешіктірілмеуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1767469-mjitti-zerleudi-kesiktirgen-drys-pa/

pixel