RU
Байбек Денис Теннің өлімі кімге қатысты мәселе екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Байбек Денис Теннің өлімі кімге қатысты мәселе екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денис Теннің өліміне полицейлерді кінәламайтынын, бұл өлтірген адамдардың мәселесі екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: news.ivest.kz, 24 smi.org

Фото: news.ivest.kz, 24 smi.org

"Әкімдіктің заңға сәйкес міндеті- полицияны материалдық-техникалық жарақтандыру және олардың міндеттерін қою. Әкім ретінде менің айтарым-бұл жерде еш мәселе жоқ.
Бұл жерде басты назарды төзімділікке аудару керек. Өйткені, барлығы осыдан басталады. Елбасы айтқандай, Нью-Йоркте адамдар бірінші әйнектерді сындырып, орындықтарды кеседі. Артынша қылмысқа барады. Мұның барлығы жазаға тартылмағандықтан болады", - деді Байбек.

Сондай-ақ, әкім автокөлік айыппұлдары да маңызды екенін тілге тиек етті.

"Қазір Елбасы тапсырған ірі реформада полицейлер адамдарға біршама жақындай түседі. Біз Алматыда осы мәселеге қатысты жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Мені, азамат ретінде үш жылда салған 30 млрд қаржы күтілген нәтижеге жеткізбейтіні қынжылтады.
Бірақ, айта кету керек, қазір қала тұрғындарының саны екі есеге өсті. Ал полицейлер әлі бұрынғыдай. Енді біз бұл мәселені цифрландыру арқылы шешеміз", - деді әкім.

Қала әкімі Денис Теннің өлімі кімнің мойнындағы мәселе екенін сұрағанда, ол "бұл оны өлтірген азаматтардың мәселесі", - деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
7
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel