RU
Назарбаев: Украина үшін алаңдаймын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Украина үшін алаңдаймын

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұқбатында Ресей мен Украинаның ара қатынасына пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков

Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков
Source: Depositphotos

Президент Украина халқы үшін уайымдайтынын және жақын арада Мәскеу мен Киев арасындағы кикілжіңнің шешілетініне үміттенетін мәлімдеді.

"Шынымды айтсам, Украина үшін де уайымдаймын. Мен сол елде оқығанмын, украиндықтарды білемін. Онда тұратын достарым бар. Өзіміздің халық тұрады десе болады. Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жақсарғанын қалаймын. Сонда бәрімізде бәрі жақсы болады", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Назарбаев Владимир Путиннің шығыс Украинаны басып алу ниеті жоқ екенін баса айтып өтті.

"Ресей территория жағынан әлемдегі ең үлкен мемлекет", - деді Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей мен Украина арасындағы жанжал қарашаның аяғында басталған болатын. Ресей шекарашылары Украина теңізшілері шекараны бұзғанын алға тартып, кемелерін тоқтатқан.

Ал Украина үкіметі Мәскеуді басқыншылық әрекет үшін айыптап, ел аумағында келесі жылдың қаңтарына дейін әскери жағдай жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel