RU
Тізерлеп отырып, төрешіге жалынған бапкер масқара болды
Жаңалықтар Спорт

Тізерлеп отырып, төрешіге жалынған бапкер масқара болды

Рассказать Вконтакте

Болгарияның футбол чемпионаты кезінде ЦСКА бас бапкері Нестор Эль Маэстро төреші алдында тізерлеп қосымша уақыт қосуды өтінген. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот
Source: Twitter

Болгарияның футбол чемпионатында "ЦСКА"-"Лудогорец" арасындағы кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталғандықтан, бас төреші қосымша екі минут қосып берген.

Алайда бұл уақыт "ЦСКА" бапкері Нестор Эль Маэстроға аз көрінген.

Лудогорецтен басым түсуге талпынған Эль Маэстро бас төрешінің алдында тізерлеп, көбірек уақыт беруді жалынып сұраған.

Алайда төреші сезімге берілмей, қосымша уақыт қоспай қойған.

Матч 1:1 есебімен аяқталған. Осылайша ЦСКА турнирлік кестеде екінші орынға жайғасып, Лудогорецтен алты ұпайға жеңілген.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel