RU
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Рассказать Вконтакте

Алдағы демалыстарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жылынуы байқалады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

svidok.info

Көрнекі фото: svidok.info

Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыдай Сібір антициклонының ықпалында болғанымен, тропосферадағы ауа ағындары өз бағыттарын солтүстіктен батысқа ауыстыра бастады.

Сондықтан алдағы демалыс күндері ауа температурасының көтерілуі болжануда.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көбінесе қар, тұман және көктайғақ күтілуде.

Сондай-ақ еліміздің батысына атмосфералық фронттар жауын-шашын, көбінесе қар, тұман және көктайғақ әкеледі.

Мұнда Қазақстанның басқа аумақтарына салыстырғанда, температураның төмендеуі байқалатын болады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel