RU
Ақтаулық полицейлер зорлықшыны бейнебақылаудың көмегімен ұстап алды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтаулық полицейлер зорлықшыны бейнебақылаудың көмегімен ұстап алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтауда полицияға қаланың ортасында зорланып, тоналғанын айтқан әйел адам шағымданған. Кезекші инспекторлар бірден іске кірісіп, жедел-тергеу амалдарының нәтижесінде бейнебақылаудың көмегімен күдіктіні тапқан деп хабарлайды "Лада" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға 6 желтоқсан күні түнде болған. Өзінің зорланғанын айтқан жәбірленуші полициядан көмек сұраған. Оның сөзінше, қылмыс 8 ықшам ауданда жасалған.

Сонымен қатар зорлықшы зардап шегушінің ұялы телефонын да ұрлап кеткен.

Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Кезекші инспекторлар Жасұзақ Құдайберген мен Нұрлан Аяпбергенов қылмыскерді камераның көмегімен қолға түсірген.

Нәтижесінде ер адам қаланың ортасында ұсталған.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel