RU

Қызылорда облысында уақыт белдеуінің қашан өзгеретіні белгілі болды

Қызылорда облысында уақыт белдеуінің қашан өзгеретіні белгілі болды. Қызылорда облысының әкімдігінің желідегі ресми парақшасында уақыт белдеуінің 21-желтоқсаннан бастап өзгеретіні айтылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:www.unian.net
Фото:www.unian.net: Instagram

Енді желтоқсанның 21-нен бастап Қызылорда облысының уақыты Астана уақытынан 1 сағат кері жылжиды.

Яғни қызылордалықтар еліміздің батыс өңірінің сағатымен жүріп-тұрады.

Әкімдіктегілердің айтуынша, үкімет мақұлдаған өзгеріс аймақтың табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес келіп, қаржылық шығын талап етпейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767529-kyzylorda-oblysynda-uakyt-beldeuini-kasan-zgeretini-belgili-boldy.html