RU
Ақтөбеде бойжеткен әкесінің бетін тіліп тастады
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бойжеткен әкесінің бетін тіліп тастады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен әкесімен жанжалдасып, оның бетін тіліп тастаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі сурет. Фото:Aif.md

Көрнекі сурет. Фото:Aif.md

Оқыс оқиға 26 қараша күні болған.

Отбасылық жанжалдан кейін қызы әкесінің бетін тіліп тастаған.

Оқиға орнына барған полицейлер Спорт және туризм академиясының 17 жастағы студентінің туған әкесімен жанжалдасып қалғанын анықтаған.

Ал ер адам медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жұлдыз Рахметованың айтуынша, жәбірленушінің беті мен қолы жарақаттанған. Оған көмек көрсетіп, үйіне қайтарылған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер қызға қатысты іс қозғамаған.

Сіздің реакцияңыз
18
0
1
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel