RU
Алматылық полицейлер іздеуде жүрген азаматты жіберіп қойған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық полицейлер іздеуде жүрген азаматты жіберіп қойған (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда полицейлер күдікті жігітті ұстап алып, біраздан соң оны жібере салыпты. Келесі күні оның іздеуде жүргені анықталған деп хабарлайды Алматы арнасы.

Алматылық полицейлер ізддеуде жүрген азаматты жіберіп қойған

Скриншот: Алматы парнасы
Source: UGC

Жамбыл облысынан келген Мәди Қарамолдаев 20 қараша күні бауырларымен бірге барахолка базарына барыпты. Кейін ешкімге ескертпестен сауда орталығынан шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

Өзін кінәлі сезініп жүрген ағасы інісі жоғалған күннен бері ауылға қайтпағанын айтады. Күндіз-түні базардың маңын торуылдап жүрген ол "бауырым табылып қала ма" деп үміттенеді.

Туыстары Мәдидің мектеп кезінде басынан ауыр соққы алғанын, содан миы зақымдалғанын айтады. Салдарынан оның есте сақтау қабілеті төмендеп, өзге адамдармен сөйлесуі қиындап кеткен көрінеді.

Алматылық полицейлер іздеуде жүрген азаматты жіберіп қойған (фото)

Мәдидің ағасы. Скриншот: Алматы парнасы
Source: UGC

Бұл іздеу шарасын қиындатып отыр. Себебі, полицейлер жігітті жоғалған күні кешке Қапшағай көпірінің үстінен тауып, Түрксіб аудандық Полиция департаментіне жеткізіпті.

Тек жігіттің өзімен бірге жеке басын растайтын құжаты болмаған. Ал өзі тәртіп сақшыларына жақ ашпапты.

Заң бойынша, із-түссіздер базасына мәлімет тек бір тәуліктен кейін жүктеледі екен.

"Ауруға шалдыққан адам болған соң шығар, өзінің толық аты-жөнін акйта алмады. Ал біздің азаматтарды 3 сағаттан артық ұстауға құқығымыз жоқ.

Үш сағаттан кейін ол еркіндікке жіберілген. Тек ертесі күні ғана ол азаматтың Қарамолдаев Мәди екені мәлім болды. Одан кейін оның кіммен кетіп қалғанын нақтыладық.

Сол азаматты тергеу кезінде ол "жігітке тамақ беріп, шығарып салғанмын" деп түсінік берді", – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel