RU
Екібастұзда жедел жәрдем көлігі көше бойында өртеніп кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Екібастұзда жедел жәрдем көлігі көше бойында өртеніп кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Екібастұзда 7 желтоқсан күні кешкі сағат 5 шамасында дәрігерлер мінген автокөлік жолдың қақ ортасында өртеніп кетті. Жедел жәрдем сол уақытта науқас адамды ауруханаға апара жатқан деп хабарлайды NUR.KZ.

апаппапа

Скриншот: Instagram
Source: Twitter

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көлік жана бастаған кезде жүргізуші бірден тоқтаған.

Ал дәрігерлер жедел түрде құрылғыларды сыртқа шығарыпты. Олар бағасы қымбат тұратын аппараттарды көліктен алып шығып, өрт сөндіру қызметін шақырған.

Айта кетерлігі, өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Құрал-жабдықтардың бәрі де істеп тұр екен.

«Барлық қажетті сараптамалар жүргізіліп болған соң автокөлік жөндеуден өткізіледі. Арнайы комиссия құрылды. Оның нәтижелері кейінірек белгілі болады», - деп хабарлады ведомство.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel