RU
От болады: Ән кешін "+ 35°C" деп атаған "Алашұлы" елді таңғалдырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

От болады: Ән кешін "+ 35°C" деп атаған "Алашұлы" елді таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Бойға күш-қуат пен рух беретін патриоттық әндерімен өзгелерден ерекше болып жүретін "Алашұлы" тобы жақында елордалық тыңдарманын қуантпақшы. 23 желтоқсан күні Астанада концерт беруді жоспарлаған жігіттер кештің атауын "+ 35°C" деп атап, көпшілікті таңырқатты деп хабарлайды NUR.KZ.

От болады: Ән кешін "+ 35°C" деп атаған "Алашұлы" елді таңғалдырды

"Алашұлы" тобы. Фото: Instagram
Source: Instagram

Халық алдында есеп беру концертін өткізуді жоспарлаған топ жігіттері бұл жаңалықтарымен Instagram желісіндегі парақшаларында бөлісті.

"23 желтоқсан күні Астанада "+ 35 ℃" ыстық болады!

"ALASHULY" мұндай температураны тек түсінде ғана көріп жүрген елордалық тыңдарманға ерекше кеш сыйламақшы.

Сағат 19:00-ден бастап ЭКСПО алаңындағы Nomad Сity Hall залын жандыруға біз дайынбыз! Ал, сіздер ше?", - деп жазылған хабарламада.

Мұны көрген желі қолданушылары таңғалып қалғандарын жасырмады.

"Концерттің атауы неге градуспен аталған?", "Араларыңызда отыз беске толған ешкім жоқ еді ғой", "Аязды Астанада өткен концерт от бола ма?", "Қалай болғанда да, сәттілік тілейміз", - деп жазды "Алашұлының" жанкүйерлері.

Айта кетерлігі, аталмыш топтың "Ауыл-бай" деп аталатын әніне түсірілген бейнебаяны желіде таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, "Алашұлының" әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel