RU

Ақтауда көлік жарылды: Қалалық полиция жолды жауып тастаған (видео)

Бүгін, 8 желтоқсан күні түскі сағат 12:00 шамасында жеңіл автокөлік жолдың ортасында жарылып, артынша жанып кетті. Қалалық тәртіп сақшылары оқиға орнындағы жолды жауып тастаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Взрыв Актау
Фото: NUR.KZ: Original
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл жағдайдан ешкім зардап шекпепті.

Жедел жәрдем қызметі сағат 12:27де жол көлік оқиғасы болған жерге аттанған.

Қалалық полиция 7, 8, 9 және 10 ықшам аудандар арасындағы жолды уақытша жауып қойыпты.

Взрыв Актау
Фото: NUR.KZ: Original
Алдын ала болжам бойынша, көлікте газды баллон жарылған болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767571-aktauda-klik-zaryldy-kalalyk-policia-zoldy-zauyp-tastagan-video.html