RU

Бауыржан Байбек тағы бір қызметке тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып тағайындалды. Бұл туралы белгілі журналист Арман Шораев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов: Depositphotos
"Бүгін Бауыржан Байбек мырзаны Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті қызметіне тағайындадық", - деп жазды "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Шораев.

Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек Оңтүстік астананы 2015 жылдың тамыз айынан бері басқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767605-bauyrzan-bajbek-tagy-bir-kyzmetke-tagajyndaldy.html