RU

Роза Рымбаева Ресейде жүлдеге ие болды (фото)

Әнші Роза Рымбаева Ресейде "Ұлттық айбын" сыйлығының "Құрмет және даңқ" номинациясында жеңіске жетті. Қуанышты жаңалығымен әншінің өзі Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Мараппатау рәсімі 30-шы қараша күні мемлекеттік Кремль сарайында өткен.

"Құрметті Роза Қуанышқызы! Сіз бұл сыйлыққа жоғары кәсібилігіңіздің, еңбекқорлығыңыздың, өмірге деген белсенділігіңіздің, өз ісіне деген адалдығыңыздың арқасында қол жеткіздіңіз", - делінген шақыру қағазында.

Айта кетейік, аталмыш сыйлық мәдениеттің дамуына үлес қосқан тұлғаларға тек посткеңестік кеңістікте ғана емес бүкіл әлемде берілетін сыйлық.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767613-roza-rymbaeva-resejde-zldege-ie-boldy-foto.html