RU
10 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

10 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін маңызды шешім қабылдамай, қоғамнан оқшауланған дұрыс болады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 10-шы желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Көрнекі фото:fakty.ua

1. Тоқты

Бүгін кез келген істі мінсіз істегіңіз келетін болады. Ұсақ-түйек істерге барлық уақытыңызды сарп етпеу үшін, алдымен маңызды шаруалардан бастаңыз.

2. Торпақ

Бүгін адамдармен қарым-қатынас жасағанда ашуға бой алдырмаңыз, өзімшілдікке салынбаңыз. Дауға араласпаған жөн. Оңаша қалсаңыз жақсы болады, сонда көптеген қиындықтардан құтыласыз.

3. Егіздер

Бүгінгі күннің қалай өтетіні таңның қалай басталғанына байланысты. Оң аяғыңыздан тұрсаңыз, дүйсенбі сәтті өтеді. Сондықтан тұра салып, сүйікті музыкаңызды қосып, жақсы нәрсе ойлап, күнді сәтті өткізуді мақсат етіңіз.

4. Шаян

Бүгін бейтаныс істерде сенімсіздік танытасыз. Бір жағынан бұл сізді қателерден қорғайды, дегенмен қорқақтық танытуға да болмайды.Жарты жолда тоқтаудың қажеті жоқ, жай ғана маңызды қадам жасамас бұрын жақсылап ойланып алыңыз.

5. Арыстан

Бүгін көп нәрсені жақтырмайсыз. Бұл демалыстардың ойлағандай өтпеуінің себебі немесе шаршағаныңыздан. Олай болса, өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз. Ең болмаса маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмысты бастамаңыз, оны кейінге қалдырыңыз.

6. Бикеш

Бүгін күш-жігеріңіз тасиды. Таза ауада уақыт өткізсеңіз, сізге өте жақсы әсер етеді. Барлық істі бүгін аяқтауға тырыспаңыз, ертеңге біраз істі қалдырсаңыз дұрыс болады.

7. Таразы

Бүгінгі күн тыныш өтеді, өзгерістер болмайды. Тәуекелге бару керек болса да, ондай қадамға дайын болмайсыз. Сондықтан мүмкіндікті жіберіп алуыңыз мүмкін, бірақ қате де жасамайсыз.

8. Сарышаян

Бүгін ерекше ештеңе болмайды, сондықтан сізге тіпті зеріктіретін күн болып көрінуі мүмкін. Кешке достарыңызбен уақыт өткізіңіз.

9. Мерген

Бүгін ешқандай өзгерістерге дайын емессіз. Тіпті біреумен танысу да сіз үшін қиынға соғады. Бірақ өзіңізді біраз сергіту үшін біраз өзгерістер енгізуге тура келеді.

10. Тауешкі

Бүгін кез келген нәрсені бастамас бұрын жақсылап ойланатын боласыз. Сізді қузап жатса да, сіз баяу әрекет етесіз. Бәлкім, соның салдарынан жұмыстарыңыздың көбі аяқсыз қалады, бірақ сан емес, сапа маңызды ғой.

11. Суқұйғыш

Өзгерістерге қарсы болып, жаңа нәрселерді қабылдамайсыз. Жаңа таныстардың өздері ашуыңызға тиетін болады. Әрине, қоғамнан оқшаулана алмайсыз, бірақ ұнамайтын нәрсені істеуге міндетті емессіз. Тек дөрекілікке бой алдырмаңыз.

12. Балықтар

Ұстамды болсаңыз, бүгінгі күн сәтті өтеді. Бұл тек қана сөздеріңіз бен мінез-құлқыңызға қатысты емес. Түр-әлпетіңізге де мән беріңіз. Көзге түсетін киім кимеңіз. Классикалық киім үлгісін таңдасаңыз дұрыс болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel