RU
Нұрбол Назарбаев басшылық қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Нұрбол Назарбаев басшылық қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Нұрбол Назарбаев Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті және республикалық "Бәйге" федерациясының  президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Алматыда өткен "Көшпелілердің атқа міну мәдениеті" атты алқалы жиында белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: nuz.uz

Көрнекі фото: nuz.uz

Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған жиынға Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков және еліміздің белгілі атбегілері қатысты. 

Жиында Бекболат Тілеухан елбасы мақаласының маңыздылығына тоқталса, атбегілер президент мақаласының ұлттық спорттың жандануына, оның ішінде бәйге саласының қарқынды дамуына көптеген мүмкіндік туғызатынын атап өткен.

Жиын соңында Ұлттық спорт қауымдастығы  құрылтайшыларының жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, Нұрбол Болатұлы Назарбаев Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті және республикалық "Бәйге" федерациясының  президенті болып тағайындалды. 

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel