Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған малсың дейді": Қызылордалық әже туған ұлынан көрген қорлығын айтты

Опубликовано:

Қызылордада дағдарыс орталығын баласы үйден қуып шыққан қариялар да паналайтын болған. Жыл басынан бері орталыққа осындай төрт қария түскен. Солардың бірі 74 жастағы Ақырыс әжей деп хабарлайды Астана арнасы.

Кадр Астана арнасы. Коллаж NUR.KZ
Кадр Астана арнасы. Коллаж NUR.KZ: Twitter

Әжейдің сөзінше, екі ұлы бар. Бірақ қартайғанда қамқорлық емес, қорлық көріп отырғанын айтады.

"Ұрғаннан кейін тұрғым келмейді, енді бармаймын. "Сен малсың, малсың, есексің"- дейді маған. Көрген көріміме, азарыма, соған жылап отырмын. Қай жаққа барамын енді? Барғаныммен қайта ұрып, өлтіреді мені ол", - дейді күйінген әжей.

Әжейді дағдарыс орталығына апта басында полиция мамандары әкеліпті.

"74 жастағы әжеміз осындай біздің учаскелік полиция инспекторы көшеде жүрген жерінен "Қамқорлық" дағдарыс орталығына алып келген. Әрі қарай да, егерде паналайтын жері болмай балаларының бәрі бас тартып жатса, онда қарттар үйіне собес арқылы сөйлесіп, сол жаққа орналастырамыз. Негізі алты айға дейін осы жерде паналауға болады", - дейді Қызылорда полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Айнұр жұмабаева.

Ал "Қамқорлық" дағдарыс орталығының меңгерушісі Жанар Алтынбасова әжейдің жағдайын әлде де тиісті органдар арқылы жан-жақты зерттеп, зерделеу жұмыстарын жүргізу арқылы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әрі қарай орналастыру жұмыстарын жүргізетінін айтады.

Ш. Сақтапова 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1767622-magan-malsy-dejdi-kyzylordalyk-ze-tugan-lynan-krgen-korlygyn-ajtty/

pixel