RU
Атырау әкімі әкімдік алдында көлікпен дрифт жасағандар үшін кешірім сұрады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Атырау әкімі әкімдік алдында көлікпен дрифт жасағандар үшін кешірім сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы мемлекеттік көлікпен облыстық әкімдік алдында дрифт жасаған жүргізушілер үшін кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Instagram-дағы million_kz001 парақшасында видео пайда болды. Кадрдан облыстық әкімдік алдында дрифт жасап жүрген көліктер байқалған.

Тексеріс барысында барлық көліктер мемлекеттік қызметкерлерге тиісті екенін және бюджет қаржысына алынғаны анықталған.

Осы орайда Атырау қаласының әкімі өзінің Facebook желісінде мән-жайды түсіндіріп, көлік жүргізушілері үшін кешірім сұраған.

"Мен шынымен мойындаймын, бұл бейне маған қатты ұнамады. Мұндай рұқсат етілмейтін істі бюджет қаражатына алынған қызметтік автокөліктермен жасау барлығымыздың атымызға кір келтіреді.
Мен өз көлік жүргізушіммен сөйлестім, ол жерде менің қызметтік автокөлігім және де әріптестерімнің автокөлігі болғанын білдім.
Бұл оқиға 6 желтоқсан бейсенбі күні түске дейінгі уақытта біздерді облыстық әкімшілікте болған жиналыстан алып кетуге келген кезде болған.
Осы оқиғаға қатысты көлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595 б. сәйкес жол полициясы қызметкерлерімен хаттама толтырылды, жәнеде автотұрақ басшысымен қызметтік ішкі тергеу жүргізілуде, тергеудің қорытындысымен көлік жүргізушілерге айыппұлдар салынып жұмыстан босатылуына дейін шаралар қолданылатын болады", - дейді әкім мемлекеттік органдардың барлық жүргізушілерін жинап олармен профилактикалық сөйлесу жүргізгенін де атап өтті
"Бұндай мінез-құлық рұқсат етілмеген себебі біріншіден ол-мемлекеттік қызметшінің имиджін қорлайды, екіншіден мемлекеттін мүлігіне зиян келтіріп оның ерте тозуына жол береді және үшіншіден айналадағы адамдарға қауіп төндіреді.
Мен өз атымнан және әріптестерімнің атынан бұл болған оқиға үшін қала тұрғындары мен қала қонақтарынан кешірім сұраймын", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel