RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік циклонның шығуына байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік өңірлердің кей аймақтарында жауын-шашын болады. Ал еліміздің басқа бөліктерінде аязды ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман және көктайғақ болып, жел күшейеді деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Көрнекі фото: regionkuv.orb.ru

Алматы облысында жел 18-23, екпіні 28 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Атырау облысының кей аймақтарында көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында да тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel