RU
Халық әртісінің кешіне билет алуға мәжбүр болған ұстаздар шағым жасады
Жаңалықтар Әлемде

Халық әртісінің кешіне билет алуға мәжбүр болған ұстаздар шағым жасады

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Жизақ облысы Дустлик ауданындағы мектептерде мұғалімдерге халық әртісі Мурод Раджабовтың қойылымына билет сатып алуға мәжбүрлеген деп жазады Сentralasian.org.

Халық әртісінің кешіне билет алуға мәжбүр болған ұстаздар шағым жасады

Фото: centralasian.org

Мектеп қызметкерлерінің бірі директордың Мурод Раджабовтың театрландырылған қойылымына 8 мың сумнан (10 доллар) билет сатып алуға мәжбүрлегенін хабарлады.

"Қала мектептерінің мұғалімдері қойылымға баратын шығар, бірақ оны ауылдағыларға сатудың не қажеті бар?", – деді ол.

Ұстаздар бұл билеттерде қойылым болатын күн көрсетілмегеніне шағымданып отыр.

Аудандық мектептің директоры Білім басқармасының бұл тапсырмасынан бас тарта алмағанын мойындады.

Бірақ аталмыш ведомство билетті мұғалімдерге мәжбүрлеп сатқан деген ақпаратты жоққа шығарған.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel