RU
Полицейді заң бұзуға итермелеген Шымкент азаматы сот алдына келеді
Жаңалықтар Қоғам

Полицейді заң бұзуға итермелеген Шымкент азаматы сот алдына келеді

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында жетінші желтоқсан күні полицейді этикалық нормаларды бұзуға мәжбүрлеген тұрғынға қатысты "билік өкіліне тіл тигізу" бабы бойынша тергеу басталды деп хабарлайды ІІМ сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Фото:Видеодан скриншот

Полицейге қатысты да ішкі тергеу жұмыстары басталған. Ол аяқталғаннан кейін оның іс-әрекеттеріне баға беріледі.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевтың сөзінше, азаматтар құқық қорғаушылармен тілдескенде сыпайы, сабырлы және мәдениетті болуға тиіс.

Полицейдің іс-әрекеті заңға қайшы сияқты көрінсе, ІІМ-нің 1402 сенім телефонына хабарласуға немесе полиция басшылығына, не болмаса прокуратураға хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, әкімшілік хаттама толтырып жатқан тәртіп сақшысын жүргізушінің балағаттаған сәті түсірілген видео желіде жарияланған болатын.

Екеуі сол жерде сөзге келіп қалады. Біраз уақыттан кейін Шымкент тұрғыны кешірім сұрап, видео жариялаған.

Сіздің реакцияңыз
15
3
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel