RU
Қырғызстандық бойжеткен алғаш рет UFC чемпионы атанды (видео)
Жаңалықтар Спорт

Қырғызстандық бойжеткен алғаш рет UFC чемпионы атанды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан тумасы Валентина Шевченко Польша азаматшасы Йонна Енджейчиктен төрешілердің шешімі бойынша 49:46 есебімен басым түсті. Бұл туралы sport-express.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

kabar.kg

Фото:kabar.kg

Валентина Шевченко жеңіл салмақта UFC абсолютті чемпион атағына ие болды.

Жекпе-жек бес раундқа созылған. Әрбір раундта Валентина қарсыласынан басым түсіп отырған.

UFC сайтында Валентина Шевченконың Қызғыстан атынан шыққаны көрсетіліпті, алайда Sherdog Валентина Перу атынан шыққан деп мәлімдеп отыр. Оның Перу азаматтығы және жүргізуші куәлігі бар екен.

Валентинаның өзі қазір АҚШ-та жаттығып жүрсе де, ол өзін КСРО адамы санайды екен.

Валентина 30 жаста, жалпы 18 жекпе-жек өткізген, оның 15-і жеңіспен, үшеуін жеңіліспен аяқталған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel