Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медеуде телефонды оңайлықпен ұрлаған қарақшы көпті шошытты

Опубликовано:

"Медеу" мұз айдынындағы ұрлық сәті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Медеуде телефондарды оңайлықпен ұрлаған қарақшылар көпті шошытты
Скриншот: Видеодан алынған: Instagram

«Медеу» мұз айдынында орналасқан бақылау камерасынан алынған бейнежазба «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының жетекшісі Ержан Еркінбаевтың Instagram парақшасында жарияланған.

Кадрдан ұрлықшының жалғыз емес екенін байқауға болады. Оның қасында жүрген жігіттер демалушылардың назарын өздеріне аударып ұрлықшының тонауына мүмкіндік беріп жатқаны да көрінеді.

Кейінірек жарияланған Еркінбаевтың видеосынан әлгі топтың басқа адамдарды тонап жүргені көрсетілген.

«Қараңыздар олар кіре берістегі есікте қалай жұмыс жасайды. Осы жерден ұрлықшының қалай телефон алғанын және оны өзінің серігіне бергенін, серігі болса сол арада басқа бағытқа қарай кеткенін, капюшонын шешіп, шапкасын кигенін, телефонды өшіріп оны қалтасына салғанын анық көруге болады», - деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеокөптеген пікірлерін білдірді. Олар "Күзетшілер мен бақылаушылар қылмыстық қулықты неге байқамайды?", - деп сұрақтарын жаудырды.

«Ұрлық кезінде мониторды қарап ешкім отырмады ма?», «Кел де, сырғанап кет дегені осы ма?», «Олардың қолдарын кесу қажет», «Күзетші байқады, бірақ олардан қорыққанын сездіріп қойды», - деді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1767687-medeude-telefondy-oajlykpen-rlagan-karaksy-kpti-sosytty/

pixel