Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 21 жас үлкен азаматқа пәк күйінде тоқал болған ару сырын ақтарды

Опубликовано:

Түркістан облысының 29 жастағы тұрғыны жас қыздарға ақыл-кеңесін берді. Өзінен 21 жас үлкен ер адамға тоқал болғанын айтқан келіншек жан сырын ақтарды деп хабарлайды Alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ok.ru
Көрнекі фото: ok.ru: Facebook

Қазіргі уақытта өз жұбайынан кете алмай отырған әйел жасы біршама үлкен азаматқа тұрмысқа шыққанына өкінгенін жеткізді.

Оның сөзінше, күйеуінің бірінші әйелі кіші қызымен тұрады екен, ал үлкен қызы шетелде оқитын көрінеді.

Келіншек осының барлығын біле тұра оның тоқалы болуға келіскенін айтады. Алайда ол қазір өз жолымен жүріп, өмірден өз орнын тапқысы келеді.

Бірақ бұл ісіне күйеуі рұқсат бермейді екен.

Мені күйеуім жібермейді. "Менің тоқалым екеніңді бәрі біледі. Сені енді ешкім алмайды. Ешкімге керек емессің. Менсіз жеңіл жүріске салынып кетесің", - деп айтады үнемі", - дейді мұңын шаққан әйел.

Қалталы азаматқа қызығып, өмірінің тас-талқанын шығарған ол жас қыздарға өз ақыл-кеңесін де берді

"Қазіргі қыздарға айтарым, менің тағдырымды қайталамаңыздар! Біреудің күйеуіне қызығудың керегі жоқ. Қалтасындағы ақшасына қарап, үлкен азаматтарға жабыспаңыздар! Мен сияқты қыздардың беттері ғана жылтыр. Ал іштері өкінішке, көздері жасқа толы", - деді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1767699-zinen-21-zas-lken-azamatka-pk-kjinde-tokal-bolgan-aru-syryn-aktardy/

pixel