RU
Ресейлік спортшы қыз ваннада телефон қолданамын деп көз жұмды
Жаңалықтар Әлемде

Ресейлік спортшы қыз ваннада телефон қолданамын деп көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Иркут облысында Ресей құрамасының спортшысын ваннада тоқ ұрып, қайтыс болды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © РИА Новости/Павел Лисицын

Фото: © РИА Новости/Павел Лисицын

Марқұм қыздың аты-жөні мен айналысатын спорт түрі әлі анықталған жоқ.

Бірақ осы жылдың көктемінде 15 жастағы спортшы қыз Ресей біріншілігінде топ жарып, ұлттық құрама сапында әлемдік аренадағы сайысқа жолдама алыпты.

Әлем чемпионы болуды армандаған спортшының өмірі 8 желтоқсан күні қыршыннан қиылды. Ол тоққа сұғылған телефонмен ваннаға түскен. Нәтижесінде тоқ ұрып қайтыс болды.

"Тамызда ол менің кішкентай қызымның кіндік шешесі атанған еді, енді арамызда жоқ... Қайғыдан жүрегім езілуде. Үйде онсыз тыныштық орнады", - деді спортшының әпкесі.

Құрбысының айтуы бойынша, жетістікке жетуді қалайтын спортшы қыз ақылды, ақкөңіл және өте әдемі қыз болған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel