RU

"Дерзкий болып шықтым": Белгілі әнші шашын неліктен қызылға бояғанын айтты

Отандық әнші Ayree NURTV.KZ-тің "Клип Show" атты жаңадан ашылған бағдарламасында қонақ болып, өзінің клиптеріндегі ерекше стилінің сырымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өзінің "Кешір мені" бейнебаянын түсіру үшін Қапшағайдағы құрылыс алаңы мен базардағы контейнерлерді жағалағанын жасырмай айтып берді.

"Кешір мені" клипінде дерзкий болып шықтым ғой. Осы бейнебаян үшін продюсерім Қапшағайдың арғы жағындағы құрылыс алаңы мен базардағы контейнерлерде түсірдік. Көп локациясы бейнебаяндарда бар. Бұл бейнебаянда біздің жолымыз болып кетті. Тіпті клипті бір күн ішінде түсіріп біттік.
Бейнебаянды түсіру үшін көп дайындалдық. Би қойдық, стилистермен жұмыс істедік. Бірақ қазір бұл бейнебаянға қарағанда образымыз өзгерді", - деді Ayree.

Әнші клиптің түсірілімін біткен бойда шашын қызыл түстен бірден қоңырға ауыстырған.

"Клип түсірген күннің ертесіне бізде үлкен шара болатын еді. Сол үшін шашымды қоңыр түске боядым. Негізі қызыл түс маған қатты ұнаған", - деп сырын айтты әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Ayree-дің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767732-derzkij-bolyp-syktym-belgili-nsi-sasyn-nelikten-kyzylga-boaganyn-ajtty.html