Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал радио жүргізушісі эфирден кетіп қалып, өз-өзіне қол жұмсаған

Опубликовано:

BBC (Би-би-си) радиобекетінің әйгілі жүргузшісі Вики Арчер тікелей эфирдің ортасында кетіп қалып, өз-өзіне қол жұмсаған. Артында үш баласы қалған келіншек күйзеліске түсіп жүріпті. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Vicki Archer
Фото: Vicki Archer: Getty Images

41 жастағы әйелдің өліміне не себеп болғанын Шропшир қаласының соты анықтаған.

Олардың мәліметінше, жұмыс күнінің ортасында ол әріптестеріне демалыс қажеттігін айтыпты.

Осылайша, Вики тікелей эфир жүргізіп отырған сәтте кетіп қалған. Ал бірнеше сағаттан соң радиожүргізуші өз үйінен өлі табылыпты.

Басылым келіншектің осы уақытқа дейін екі рет өз-өзін өлтірмек болғанын айтады. Табысты мансабына қарамастан ол осы уақытқа дейін күйзелісте жүрген көрінеді.

Марқұм әйел тіпті соңғы апталарда өз парақшасында мұңды жазбалар қалдырған екен.

Арчердің денесін үйіне плита орнату үшін келген өгей әкесі тауып алыпты. Оның артында үш баласы қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1767735-tanymal-radio-zrgizusisi-efirden-ketip-kalyp-z-zine-kol-zmsagan/

pixel