RU

Балаларға Аяз атаның жоқ екенін айтқан азамат түрмеге түсті

Америкадағы Техас штатының тұрғыны балаларға Аяз атаның жоқ екенін айтқаны үшін сотталып кетті. Бұл туралы info24.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: 1zoom.ru
Фото: 1zoom.ru: Twitter

Клиберн қаласының 31 жастағы тұрғыны Аарон Урбанский 8 желтоқсан күні балабақшадағы ертеңгілікке келіп, бүлдіршіндерге Аяз атаның жоқ екенін айта бастаған.

Ол кішкентайларға шын мәнінде сыйлықтарды ата-аналар сатып алатынын да жайып салыпты.

"Аяз атамен таңғы ас" іс-шарасына барған азамат балақайларға неге Аяз атаға сенетіндері туралы сұрақ қоя бастапты. Ол бүлдіршіндерге Иусустың кім екені туралы сұрақтар жаудырған.

Қазіргі уақытта Урбанский бұзақылық фактісі бойынша қамауға түскен. Енді ол екі мың доллар айыппұл төлеуі қажет.

Клиберн қаласының мэрі де тұрғындарға Аяз атамен байланыспауды ұсыныпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767745-balalarga-aaz-atany-zok-ekenin-ajtkan-azamat-trmege-tsti.html